Атақты «Ювентус» клубы мен Electronic Arts арасындағы лицензиялық келісім аяқталуға жақын, ал тараптардан ресми мәлімдеме әлі жоқ, деп жазады penalty.kz.
EA мен «Ювентус» арасындағы келісім
EA Sports компаниясы Серия А лигасымен жалпы келісімшартқа ие болғанымен, жеке клубтармен лицензия жеке жасалады. Ал «Ювентус» пен EA арасындағы келісім мерзімі аяқталуға жақын, және екі тараптың да ұзақ уақыт бойы үнсіз қалуы – келеңсіз жайттардың белгісі болуы мүмкін.
Konami клубты қайтадан өз симуляторына қайтарды
Бұл уақытта Konami компаниясы өз ойыншыларына тосынсый жасап үлгерді – «Ювентустің ресми формасы мен эмблемасы eFootball симуляторында қайта пайда болды. Бұл туриндік клубтың EA-мен емес, енді Konami-мен әріптестікке көшкенін білдіруі мүмкін.
Егер келісім расталса, EA FC 26 ойыншылары «Ювентус» орнына тағы да «Пьемонте Кальчо» деп аталатын ойдан шығарылған клубпен шектелуі мүмкін. Мұндай жағдай FIFA 20, FIFA 21 және FIFA 22 ойындарында болған еді.
EA FC 26 релиз күні
- EA Sports FC 26 стандартты нұсқасы — 2025 жылғы 26 қыркүйекте жарық көреді.
- Ultimate-версияны сатып алғандар — ойынды 19 қыркүйектен бастап ертерек ойнай алады.
Фото: euro-football.ru.