21-22 маусым күндері Қазақстан чемпионатының 13-туры өтті, деп жазады Аладоп.kz.
Қандай жайттар тіркелді?
— 7 матчта 13 гол соғылды.
— 25 сары қағаз көрсетіліп, 2 футболшы алаңнан қуылды.
⁃ 13-тур ойындарын 38 178 адам стадионнан тамашалады.
⁃ Ең көп 12 400 жанкүйер «Ақтөбе» — «Астана» ойынын тамашалады.
⁃ «Астана» 5 мәрте қатарынан жеңіске жетіп, 4 жылдан кейін Ақтөбеден 3 ұпаймен қайтты.
⁃ «Ақтөбе» кейінгі 4 ойында қарсыластарын жеңе алмай (1 тең, 3 жеңіліс) жүр.
⁃ «Жеңіс» өз алаңында бірінші мәрте қарсыласынан басым түсті.
⁃ «Атырау» сырт алаңда әлі бірде-бір ұпай алмаған жалғыз клуб.
⁃ Осы турдан кейін «Атырау» клубы бас бапкері мен бірнеше ойыншысымен қош айтысты.
⁃ «Оқжетпес» клубының Көкшетаудағы стадионы жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Олар алаң иелері ретінде матчын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында қабылдап, жергілікті «Ордабасымен» кездесті.
⁃ «Ұлытаудың» футболшылары екі тур қатарынан бірінші таймда алаңнан қуылды. Бірақ жезқазғандық ұжым 1 жеңіс және 1 тең көрсеткіш тіркеді.
⁃ 13-турда 211 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 130 отандық футболшы (негізгі құрамда 83 ойыншы, қосалқы құрамнан 47 ойыншы) доп тепті.
Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?
Қазақстан — 8
Босния және Герцеговина — 1
Албания — 1
Беларусь — 1
Того — 1
Ресей — 1
Матчтардың нәтижесі:
«Жеңіс» – «Атырау» – 2:0
«Қайрат» – «Қызылжар» – 1:0
«Елімай» – «Тұран» – 2:1
«Тобыл» – «Жетісу» – 2:1
«Оқжетпес» – «Ордабасы» – 0:1
«Қайсар» – «Ұлытау» – 1:1
«Ақтөбе» – «Астана» – 0:1