27 жастағы футболшы жақын арада командаға қосылады деп күтілуде, деп жазады penalty.kz.
Жаңа трансфер – Юрий Вакулко
Украиналық орталық жартылай қорғаушы Юрий Вакулко жақын арада «Ордабасы» сапына қосылуы мүмкін. Бұл ақпаратты футбол инсайдерлері, соның ішінде «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы растады.
«Ол U-16, U-19 және U-21 жастар құрамаларында ойнаған. «Днепр», «Днепр-1», сербиялық «Партизан», Киевтің «Арсеналы», латвиялық «Рига» және соңғысы – «Кривбасс» клубтарында тәжірибе жинақтаған. Вакулко — орталық алаңда бірнеше позицияда ойнай алатын әмбебап жартылай қорғаушы. Ол — сол аяқпен ойнайтын ойыншы. Жақын күндері Шымкентке жол тартады», — делінген хабарламада.
Футболшы туралы мәлімет
- Жасы: 27-де
- Амплуасы: Опорный жартылай қорғаушы
- Артықшылығы: Ортаңғы алаңның 2–3 позициясында ойнай алады
- Тәжірибесі: Украина жастар құрамасы, еуропалық бірнеше клуб
Фото: XSPORT.ua.