«Өзім де оралуға асықпын, тек жарақатты толық емдеп алу керек, дайын болу керек. Шыны керек, бірден чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ бәрін уақыт көрсетеді. Ең бастысы, кіммен жекпе-жекке шықсам да, толыққанды дайын болуым қажет», — деді ол.
Шавкат желтоқсанда айқас өткізуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады.
«Бұл ақпарат рас деп ойлаймын. Ең бастысы, жарақаттан толық айығу. Биыл жекпе-жек өткізгім келеді», — деп қосты спортшы.
Рахмонов Джек Делла Маддалена туралы да ойын ашып айтты.
«Ол – қазіргі таңда чемпион, жеңіске жетті. Әзірге ол мықтырақ шығар. Бірақ көреміз, бәрін уақыт көрсетеді. Біз де дайындалып жатырмыз», — деді аралас жекпе-жек шебері.
Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізді. Сол кезде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Фото: Getty Images.