«Менің ойымша, Асхат Тағыбергеннің орнын құрамада Айбол Әбікен баса алады. Ол қазіргі таңда «Қайсар» сапында жақсы ойнап жүр, ал оның командасы Қазақстан Премьер-лигасының барлық фавориттеріне қарсы жақсы өнер көрсетуде. Маусым барысында ҚПЛ-да жаңа есімдер де пайда болуы мүмкін», — деді Евтеев.
Еске сала кетейік, жуырда Солтүстік Македонияға қарсы (0:1) өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчынан кейін Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан кеткенін жариялады. Ол Қазақстан құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.
Фото: ҚФФ.