• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан футболшыларын FIFA-дан қыруар қаржы күтіп тұр

2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын 48 құраманың жалпы жүлде қоры – 896 миллион доллар

11 июня, 2025
in Футбол
0 0
0
Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан футболшыларын FIFA-дан қыруар қаржы күтіп тұр
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионаты FIFA-ға рекордтық табыс әкелді. Тарихта алғаш рет федерация төрт апталық турнир кезінде 4 миллиард доллардан астам пайда тапты. Егер Таяу Шығыстағы алкогольге қатысты шектеулер болмағанда, бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді, деп жазады 1bol.kz.

Ережеге сай, FIFA жарнамадан, телехабар тарату құқықтарынан және билеттер сатылымынан түскен табыстың барлығын өзіне алады. Ал жарысты өткізуші елдер туристік табыс пен демеушілер арқылы пайда көреді. Дәл осы себепті ірі жарыстарды өткізуге ниетті мемлекеттер азайып келеді – бұл аса тиімді емес.

Meta-ratings.kz-тің жазуынша, чемпионат форматының кеңеюі ұйымдастырушыларға жүктелетін салмақты арттырды. Бұрын 12 стадион мен 32 жаттығу базасы қажет болса, енді 16 арена мен одан да көп база керек. Тіпті инфрақұрылымы дамыған АҚШ-тың өзі бұл мұндай ауқымды жарысты әрең өткізбекші. Еуропалық елдер туралы айтудың өзі қиын екен.

Бұған қоса, туристер саны да күрт артады. Бұрын 32 елден жанкүйер келсе, енді бұл сан 48-ге жетеді. Бұл өз кезегінде қонақүйлер, әуежайлар сияқты инфрақұрылымдарды жаңартуды талап етеді. Сондықтан да АҚШ чемпионатты жалғыз емес, Канада және Мексикамен бірлесе өткізуге өтініш берген болатын. Алайда FIFA үшін бәрі жақсы. 2023–2026 жылдар аралығында федерацияның табысы 13 миллиард доллардан асады деп күтілуде – бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2026 жылғы чемпионаттың өзі FIFA-ға шамамен 8 миллиард доллар әкелмек.

FIFA бұл рекордтарға дән риза. Себебі ол футболдың басты басқарушы ұйымы болғанымен, табыс жағынан ең байы емес. УЕФА Еуропа чемпионаты мен клубтық жарыстар арқылы көбірек пайда табады. Сондықтан FIFA клубтық әлем чемпионатын күшейтіп, УЕФА-дан озуға тырысып жатыр. Табыс артса – ықпал да күшейеді.

Дегенмен FIFA ұлттық қауымдастықтарды ұмытпайды. 2023 жылы жарияланған қаржылық есепте алдағы үш жылға арналған болжамдармен қатар, шығындар туралы да мәлімет берілген. Оның ішінде 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысушы құрамаларға берілетін жүлде қоры да бар. Мысалы, көршілес Өзбекстан елі әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін 9 млн доллардан аса табыс табады

Есепке сәйкес, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын 48 құраманың жалпы жүлде қоры – 896 миллион доллар. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен (440 млн) екі есе көп. Әр құрама дайындыққа қосымша 1,5 млн доллар алады. Жол шығындары мен жаттығу базаларының ақысын FIFA өзі өтейді.

2022 жылғы Катардағы турнирде жүлде мынадай үлесте бөлінді:
Топтық кезеңде шыққандар – 9 млн доллар;

1/8 финалдан шыққандар – 13 млн;

Ширек финалистер – 17 млн;

4-орын (Марокко) – 25 млн;

3-орын (Хорватия) – 27 млн;

2-орын (Франция) – 30 млн;

Чемпион (Аргентина) – 42 млн доллар.

Бұл қаражат ұлттық қауымдастықтарға аударылды. Ал олар оны өз қалауы бойынша ойыншылар мен клубтар арасында үлестірді. Келесі чемпионатта да жүйе сол күйі қалады: FIFA қаражатты Өзбекстан футбол қауымдастығына аударады, әрі қарай оны бөлу – қауымдастықтың құзырында.

2026 жылы топтық кезеңге қатысатын құрамалар нақты қанша алатыны кейін белгілі болады. Бірақ бұл сома 9 млн доллардан көп болары анық. Қарапайым болжам бойынша, бұл сома 9,1 млн доллар шамасында (116 млрд өзбек сомынан аса). Бұдан көп табу үшін плей-оффқа шығу қажет.

Айта кетейік, бұл – тек ұлттық қауымдастықтарға бөлінетін жүлде. Бұдан бөлек, FIFA клубтарға да 209 млн доллар көлемінде қаржы бермекші. Яғни, турнирге қатысқан футболшылар үшін бұрын ойнаған клубтар да ақша алады. Қанша күн ойнаса – сонша пайда.

Мысалы, маусымдағы матчтарға Өзбекстан құрамасына «Пахтакордан» төрт ойыншы шақырылды. Егер олар 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын болса, клуб әр ойыншы үшін күніне 5-10 мың доллар табыс табуына болады. Тек ойыншыларды дайындағаны үшін жүздеген мың доллар табыс түсуі мүмкін. Тіпті Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубы Абдуқодир Хусанов үшін ақша алады. Ал «Бунёдкор» ала алмайды, өйткені ойыншы ол клубтан баяғыда кеткен.

Құрама турнирде неғұрлым көп күн өткізсе, клубтар мен қауымдастықтар да соғұрлым көп табыс табады. Оның үстіне енді плей-оффқа шығу бұрынғыдан оңайырақ.
2026 жылғы әлем чемпионатының плей-оффына бір жеңіспен өтуге болады.

Егер FIFA топтық кезең ережесін өзгертпесе, келесі жазда Өзбекстан құрамасы кем дегенде бір еуропалық командамен ойнайды. Іріктеу квотасы төмендегідей:
УЕФА (Еуропа) – 16 құрама;
АФК (Азия) – 8;
КАФ (Африка) – 9;
КОНКАКАФ (Солтүстік Америка) – 6;
КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка) – 6;
ОФК (Жаңа Зеландия);
Қосымша – 2 команда (плей-офф арқылы).

Өзбекстан Азия құрамаларымен ойнай алмайды. Сондықтан, арифметикалық есеппен қарасақ, қарсыластардың бірі Африкадан болары анық. Жеребе UEFA рейтингтеріне де байланысты болғандықтан, тіпті әлем чемпионатына шыққан соң да Өзбекстан барынша жиі жеңіске жетуге ұмтылуы керек – тіпті жолдастық матчтарда да.

12 топтың әрқайсысынан екі үздік құрама, сондай-ақ үшінші орын алған 8 үздік команда плей-оффқа өтеді. Еуро тәжірибесі көрсеткендей, 1/16 финалға шығу үшін 4 ұпай жеткілікті (бір жеңіс, бір тең ойын немесе жеңіліс). Кейде 3 ұпаймен де шығуға болады, бірақ бәрі қарсыластарға байланысты. Сондықтан 4 себеттегі бір команданы міндетті түрде жеңу керек (Өзбекстан, болжам бойынша, 3-сеуертеде болады).

Чемпионат 11 маусымда басталып, плей-офф 28 маусымда жалғасады. Демек, плей-оффқа өту – үздік өзбек клубтары үшін ондаған мың долларлық кепілді табыс. Бірақ нақты сомаларды турнир басталар жақында ғана бағалауға болады.

Фото: gazeta.uz.

Tags: FIFAӨзбекстанӨзбекстан ұлттық құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Atletico de Madrid Қазақстанда талантты футболшыларды іріктеуді бастады

Atletico de Madrid Қазақстанда талантты футболшыларды іріктеуді бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In