Жартылай финалға шыққан сегіз боксшының үшеуі жеңіліс тапты. Ертуган Зейнуллинов (65 келі) әзербайжандық Али Абдуллаевқа есе жіберді. Сабыржан Аққалықов (75 келі) украиналық Джамал Кулиевтан айласын асыра алмады. Сол секілді Сағындық Тоғамбай (90 келі) өзбек боксшысы Турабек Хабибуллаевтан ұтылды.
Ал Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрлан Сапарбай (+90 келі) финалға өтті.
Осылардың арасында Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Олимпиада және әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездеседі.
Фото: ҰОК.