• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Төрехан Сабырхан ересектер сапында бокстасуға да бойын үйрете бастады

Өзбек боксшыларына төнген қауіп: бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жеткен

4 июня, 2025
in Бокс
0 0
0
Төрехан Сабырхан ересектер сапында бокстасуға да бойын үйрете бастады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырханның халықаралық аренадағы аяқ алысы қуантпай қоймайды. Жақында ғана ол Бангкокте өткен беделді Thailand Open-2025 турнирінде алтын медаль жеңіп алып, кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады 1bol.kz.

Финалда Сабырхан өзбекстандық қарсыласы Мухаммадазизбек Исмоиловпен кездесті. Былғары қолғап шебері алғашқы раундта қарсыласынан жеңіліп жатқанымен, қалған екі раундта айқын басымдық танытып, жеңісті жұлып алды. Бұл Төреханның өзбекстандық боксшылармен бесінші айқасы және соның бір де бірінде ол жеңілмеген.

Қазақ пен өзбек боксшыларының арасындағы бәсекелестік о бастан бары белгілі. Сол секілді бұл жайт Сабырханды айналып өткен жоқ. Жерлесіміз Исмоиловпен жолы алғаш рет 2024 жылғы маусымда Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында жолы түйісіп, Төрехан 5:0 есебімен жеңіске жеткен. Дегенмен биылғы сары құрлық біріншілігінде Мухаммадазизбектің біраз ширағаны көрініп тұр: тәп-тәуір қарсылық танытып бақты. Алайда Төреханның әртүрлі жас деңгейін қоса есептегенде төртінші рет Азияның үздігі атануына кедергі келтіре алмады.

Сабырхан Өзбекстан өкілімен алғаш рет 2022 жылы Аммандағы турнирде кездесіп, сол жолы Фаррух Тулагановты екінші раундта нокаутқа түсірген.

2023 жылдың қарашасында Сабырхан тағы бір өзбекстандық былғары қолғап шебері Кахрамонджон Фазиловты Азия чемпионатының ширек финалында жеңіп, кейіннен жарыс чемпионы атанды. Ал 2023 жылғы қазанда Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Акбар Ахмадовты ұтып, әлем чемпионы атағын иеленді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан өзбек боксының төрт бірдей өкілінен бес рет басым түсіп, бір де бір рет жеңілмеген. Ол тарихқа жастар мен жасөспірімдер арасында төрт мәрте Азия чемпионы, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионы ретінде енді.

2025 жылғы наурызда Болгарияда өткен «Странджа кубогында» 67 келі салмақта алтын медаль алып, турнирдің үздік боксшысы атанды – бұған дейін бұл мәртебеге еліміздің ешбір өкілі ие болмаған еді.

Бүгінде Төрехан ересектер сапында бокстасуға да бойын үйрете бастады. Дегенмен 30 маусымда Астанада жалауы желбірейтін Әлем кубогына қатыспайды, себебі 70 келіде Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі боксшысы  – Абылайхан Жүсіпов. Дегенмен, мамандардың айтуынша, Төреханның ұлттық құрамада бірінші нөмір атануы – уақыт еншісіндегі дүние.

Ал біз Төрехан Сабырханның жеңісті жолы енді басталғанын және алдағы уақытта оны ересектер арасында Өзбекстанның мықты боксшыларымен жекпе-жектер күтіп тұрғанын сеніммен айта аламыз.

Фото: ҚБФ.

Tags: БоксҚазақстан бокс федерациясыТөрехан Сабырхан
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Төрехан Сабырхан ересектер сапында бокстасуға да бойын үйрете бастады

Нұрәлі Әліптің алғашқы бапкері 7 жылға сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In