Ағылшын футболының жас жұлдызы, «Сандерленд» клубының орталық жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем мадридтік «Реалдың» жолымен емес, дортмундтық «Боруссияны» таңдағанын хабарлады, деп жазады penalty.kz.
«Сандерленд» 2024/2025 маусымында Чемпионшип плей-офф кезеңінде жеңіске жетіп, Ағылшын Премьер-Лигасына жолдама алды. Ал «Боруссия Дортмунд» бундеслигада 4-орынға ие болып, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алды.
Беллингем бауырлары: Джудтың жолымен
Айта кету керек, Джобтың ағасы — Джуд Беллингем кезінде дәл осы «Боруссияда» ойнап, кейін мадридтік «Реалға» ауысқан. Енді кіші Беллингем де неміс клубында өзін дәлелдеуге мүмкіндік алады.
Фото: Vesti.kz.