Қазақстандық талантты боксшы Төрехан Сабырхан кезекті мәрте ел намысын абыроймен қорғады. Ол Тайландта өткен халықаралық турнирдің финалында өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмойловты айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлде иеленді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Бірінші раундта төрешілердің төртеуі қарсыласына басымдық бергенімен, келесі екі раундта Төрехан нағыз кәсіпқой шеберлігін паш етті. Тактикалық артықшылығы, жылдамдығы мен дәл соққылары арқылы ол қарсыласынан бір бас жоғары екенін анық көрсетті.
Осылайша 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Фото: ҚБФ.