Кортқа шыққан ол әлемдік рейтингте 176-орында тұрған француз өкілі Кальвин Эмериден 2:0 (6:3, 6:4) есебімен басым түсті.
Александр Шевченко турнирдің алғашқы айналымында жапониялық Шинтаро Мочизукиден басым түскен еді. Кездесу 2:1 нәтижесімен аяқталып, шешуші сәтте отандасымыз сенімді түрде жеңіске жетті.
Бүгін іріктеу бәсекесінде қазақстандық Тимофей Скатов Алибек Качмазовпен сынға түседі. Сондай-ақ, Михаил Кукушкин франциялық Жоффри Бланканомен шеберлік байқасады. Әйелдер арасында Францияның ашық чемпионатының іріктеу бәсекесінде қазақстандық теннисшілер сынға түспейді.
Фото: Sports.kz.