Қазақстан дзюдошылары жаппай жеңілді, дейді 24.kz.
Дзюдодан Душанбеде әлемдік Гран Слэм турнирі аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде татамиге шыққан Естай Ермұхан мен Мұхаммедали Мавлидов алғашқы айналымнан аса алмады.
Осыған дейін де 3 спортшымыз жарысты ерте аяқтаған болатын.
73 келіде бақ сынаған Аңсарбек Ғайнуллин Қытай балуанына, Ықылас Әлсейіт пен Досхан Жолжақсынов түрікмен дзюдошыларына есе жіберді.
Осылайша Душанбедегі турнирде Абиба Абужақынова ғана жүлдеге ілігіп, ұлттық құраманың қоржынына бір қола медаль салды.
Айта кетейік, Душанбеге Қазақстан құрамасы бірінші номерлі дзюдошыларын алып барған жоқ.
Негізгі құрам Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне дайындалып жатыр.
Фото: IJF.