2025 жылдың 14–16 тамыз аралығында Астанада таэквондодан ірі халықаралық — Kazakhstan Open G-1 турнирі өтеді, дейді penalty.kz.
Үш күнге созылатын байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген кадеттер, жасөспірімдер және ересек спортшылар жекпе-жек алаңына шығады. Турнирдің ауқымы мен мәртебесі спорт әлемінің назарын Астанаға аударады.
Жекпе-жектер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ұйымдастырылады. Бұл – халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға лайық заманауи спорт нысаны.
Фото: olympic.kz.