«Құттықтауларды қабылдаймын. Бүгін қызды болдық», — деп жазды дзюдошы желіде.
Бірнеше жылдан бері құрама сапында халықаралық жарыстарға қатысып, Гранд Слэм бәсекесінде күміс және қола жүлде иеленген отандасымыз бірнеше жыл бұрын дзюдошы Ислам Тоқтасынға тұрмысқа шыққан еді. -73 келіде күресіп жүрген Ислам Тоқтасын өткен жылы ел чемпионатында қола жүлде иеленген.
+78 келіде күресетін Кәмила Берліқаш былтыр Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: instagram.com/berlikashk.