Ол әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) кездескен.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған. Көрермен қауым барлық раундты тамашалады. Кездесу тағдыры ұпай санымен шешілді. Бұл жекпе-жекте төрешілер қырғыз қызы жеңіске жетті деген шешімге келді.
Осылайша, Фарида Абдуева кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне жетіп, Octagon лигасының жаңа чемпионы атанды. Ал Аян Тұрсын алғаш рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Тұрсын – Қазақстаннан UFC-ге өтетін басты үміткерлердің бірі.
Фото: скрин Instagram.