• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Еурокубок орнымызды көрсетіп берді

Біздің легионерлер үмітті еш ақтамады

15 июля, 2024
in Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
Еурокубок орнымызды көрсетіп берді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Еуропа біріншілігіндегі сапалы футболдың әсерінен бе, басқа ма, қазақ командаларының еуротурнирлердегі ойындарын тағатсыздана күттік. Адам жақсыға тез үйренеді екен. Алайда, біздің командалар, біздің футболшылар (әсіресе легионерлер)  үмітті еш ақтамады. ЧЛ, ЕЛ мен КЛ-ның алғашқы айналымдарынан кейінгі жағдай мәз емес. Биыл Қазақстанның атынан ту көтеріп шыққандардың біздің қам көңілді шат қылатын шанстары әлі де бар. Бірақ, ол үшін әрқайсысы («Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл») өздерінің жауапты бәсекелерінде басым түсіп, мейлінше алысқа баруы керек, деп жазыпты Аладоптың бас редакторы Мұрат Мұқашұлы.

Седневтің тағдыры қыл үстінде

Қазақ жанкүйері, әсіресе, шымкент жұртшылығы Чемпиондар лигасын ерекше күтті. Несін жарсырайық, былтыр тарихында тұңғыш рет ел біріншілігінде биіктен көрінген «Ордабасы» еуропадағы ең абыройлы жарысты жақсы бастар деп біз де үміттендік. Бір қарағанда жеребе де жолдас болғандай көрінген. Бірақ, жылтырағанның бәрі алтын емес екеніне шымкенттегі шіркейлі матчтың алғашқы ширегінде-ақ көз жетті. Шыны керек, Александр Седнев командасының еурокубоктегі тәжірибесі мол деуге аузың бармайды. Десе де, қарсылас «Реал» жарайды тіпті құрығанда «Селтик» емес қой «Петрокубты» көпшілігі менсіңкіреген жоқ. Сөйтсек, бекер екен. Көпшілік қарсыластың Молдовада «Шерифтың» өзін қапы қалдырып, чемпион болғандығы мен өткен маусымдардағы еурокубоктердегі аз-кем кездесулерінен басқа ақараттар білген жоқ. «Енді біз де жүгері күзетіп жүрген жоқпыз» деген шығар іштей оңтүстіктің футболсүйер қауымы (осы аймақтың сүйікті тіркесінің бірі). «Ордабасыны» оңай деп кім айтты сіздерге? Құрамында анау-мынау емес Киевтік «Динамо» мектебін көрген Беседин, Беларусь, Өзбекстанның жақсыларын жинап, өзімізден де игі жақсыларды айналасына топтастырған Седнев «қазір көрсетеді» дедік қой. Бірақ сол қазір-қазірмен бүкіл ойын өтіп кетіпті. ҚПЛ-ді бір ұтып, екіншісінің де ауылына жақындап қалған жаттықтырушыдан молдовалықтарды тас-талқан етпесе де, тәуір нәтиже күтілген.

Клуб басшылығының шыдамы шегіне жеткен сыңайлы. Қарымта матчта керек нәтижеге қол жетпесе бас бапкермен қол алысып, қош айтысатын түрі бар. Александр Сергейұлымен сәуірде-ақ келісімшарттың үзілуге шақ қалғаны белгілі. Алайда, зордың күшімен, ҚПЛ-дегі жақсы нәтижелердің арқасында беларусиялық маман өз креслосында қалып қойды. Седнев штабына көктемдегі қарқынды кезең екінші мүмкіндік берді. Бірақ, естуімізше клубтың тізгінін ұстаған Асхат Сейсембекке «Гордий түйнегін» көп ойланбастан бірақ шабатын Александр Македонскийдің мінезі тән дейді. Аз уақытта біраз жұмысты жапырып тастаған менеджер өзінің шешімталдығымен танылса керек. Сондықтан, Кишиневте де осалдық танытса, бас бапкерді орнынан алуы кәдік деседі. Александр Седнев чемпионатта, кубок секілді ішкі турнирлерде кәдеге жарады. Салыстырмалы түрде аз уақытта шымкенттік ұжымды толайым табысқа жетеледі. Сонысымен-ақ, клуб тарихы мен жанкүйер жүрегінен орын алғаны анық. Алайда, жетістіктің тез ұмытылатын қасиеті бар, әсіресе, футболда. Биыл беларусиялық маман үшін ҚПЛ-ден көрі Еурокубоктің бәсі жоғары тұруы тиіс болатын, клуб басшылығы Седневтен соны күткен. Былайша айтақанда, чемпиондық маусымнан кейін кемінде бір еурокубоктік турнирдің топтық кезеңіне шығу секілді мәселе қойылды деп жорамалдаймыз. Чемпиондар лигасы болмаса да, әйтеуір біреуінің (Еуропа Лигасы, Конференция Лигасы) негізгі кезеңіне жетіп жығылсақ деген үміт. Әрине, әлі де кеш емес. Мүмкіндік бар ғой, бас жарылып, көз шыққан жоқ. Қазақтың өзі кеңқолтық, жанкүйері де бұдан зорғысын көріп, көндіккен. Талай кешіріп келеді. Бірақ көпшіліктің зығырданын қайнатқаны, шымкенттік футболшылардың — биылғы маусымда әлі ресми матч өткізбеген, демалыста инстаграм-парақшасына фотосурет жүктеп жүрген қарсыластың фонындағы осыншама қауқарсыздығы (мүмкін намыссыздығы) еді. Қалай дегенде де, команданың сәтсіздігіне ең алдымен жауапты болатын бас бапкер емес пе? «Ордабасының» сәрсенбінің кешіндегі азусыз ойынына да жауапты тек Седнев мырза. Шымкенттіктердің бас бапкері ойын соңынан бірнеше факторды алға тартыпты. Есте қалғаны, Темірлан Ерлановтың жоспардан тыс жарақаты салдарынан бүкіл кездесудің шырқы бұзылған екен. Соның кесіренен ойлағаны жүзеге аспай, ойын барысына кәдімгідей әсер етсе керек. Қысқасы, «Ордабасының» бапкері осылай ақталғандай болыпты. Арада апта салып, қос команда Молдова жерінде жолығады. Қазақстан чемпионының осалдық танытатын жайы жоқ. Александр Седнев те мүлде. Егер командасы Кишиневте де мардымсыз ойын көрсетіп, жанкүйердің ашу-ызасын тудырса жұмыссыз қалатыны күмәнсіз. Оны өзі де іштей сезіп отырған болар.

«Ақтөбенің» жеңілісі тура бір күтпеген шапалақтай  

Жасыратыны жоқ, еурожорықты бастайтын үштіктің қатарында «Ақтөбенің» жолына ерекше үмітпен қарадық. Дмитрий Парфенов шәкірттерінің осы маусымдағы ойыны, Максим Самородов бастаған шабуыл өтіндегі футболшылардың өнері де, басқасы да командадан тәуір нәтиже күтуге негіз сыйлады. Ашығын айтсақ, жақсы ойын мен жеңісті күттік. Біріншісін енді, әрине, салыстырмалы түрде көрдік деуге болатын шығар. Обалы кәнекей, алаң иелері жиі шабуылдады. Тырысты. Тырысуды голға айналдыру әрине мүлде басқа мәселе ғой. Алайда, ойын соңында Ақтөбе қаласының «Қобыланды батыр атындағы» орталық  алаңына жиналған жанкүйерлер мен Максим Самородовтар жанарымен жер шұқыды. Тіпті, «Ордабасы» мен «Тобылға» қарағанда осы сәтсіздік ауыр тиді ме деп қалдық. ҚПЛ-дің осы маусымындағы ең сұрапыл ойыны бар ұжым оңбай ұтылды да қалды. Көшбасшыларының бәрі бабында, қатарда бола тұрып шапалақ жеп қалды. Иә, «Ақтөбе» — «Сараево» кездесуінен осындай әсер бар. Оны басқаша айтып жеткізу қиын. Тура бір күтпеген шапалақтай болды. Алаң иелерінің кездесу барысындағы басымдығына көңіліміз толып отырған. Сөйтсек, қызықтың бәрі ойын соңында қалыпты. Десерт дейді мұндайды. Жалғыз мүмкіндікті пайдаланудың жарқын үлгісіндей бәсеке соңынан жанкүйер шіркін не айтқан жоқ? Әлемжелідегі небір жазбалары жүрек ауыртады.  Соның ішіндегі әсіресе «легионерге шектеудің алынғаны бізге не берді?» дегені кәдімгідей ой салды…

«Тобылдың» жағдайы да мәз емес

Словакия жақтан да жақсы жаңалық жеткен жоқ. Еурокубоктер біздің командалар мен жалпы ҚПЛ деңгейін көрсетті деп жатырмыз ғой. Расында, словактардан бұрыштаманы орындауды («Тобылдың» бес голының төртеуі бұрыштамалардан кейін кірген) ал босниялық клуб «Ақтөбенің» футболшыларына мүмкіндікті мүлт жіберуден дәріс оқып кетті. Ең қызығы — жауапты ойында «Тобыл» қалай ойнайды деген сұрақ қызық. Нұрбол Жұмасқалиев командасының камбэк жасап қуантарлықтай қауқары бар ма? Қостанайлық ұжым құрамы жөнінен ҚПЛ-дегі алдыңғы қатардан саналады. Сырт алаңдағы матчты да сәтті бастап еді. Нұрбол Жұмасқалиев өзі де клубқа бір келіп-кетіп, қайта келіп жүр еді. Осы сәтсіздіктер енді қадам басып жатқан отандық маманға зиянын тигізіп жүрмесе дейміз.

Фото: Максим Самородов.

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Отыз жастағы Назым Қызайбай

Отыз жастағы Назым Қызайбай

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In