Соңғы апталарда қазақстандық БАҚ пен жанкүйерлер арасында Адиевтің Премьер лигадағы «Атырау” клубына келуі мүмкін екені жөнінде ақпарат тараған болатын. Алайда Ресейлік ақпарат көздері Адиев «Химкидің” бас бапкері болады деп хабарлады, деп жазады aladop.kz.
«Химки” клубы қазір Ресейдің Бірінші лигасында (ФНЛ) ойнап жатыр және басты мақсаты — қайтадан РПЛ-ға (жоғарғы лига) шығу. Магомед Адиевке осы миссия сеніп тапсырылып отыр.