Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова өзінің алғашқы сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеп, қуанышты жаңалығын жанкүйерлерімен бөлісті, деп жазады 1bol.kz.
«Біздің отбасы жақында толығады. 2028 жылы Лос-Анджелесте кездескенше», — деп жазды даңқты дзюдошы өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Диёраның күйеуі Азамат Матякубов та өзбек еліне танымсал дзюдошы.
Диёра Келдиёрова Париж Олимпиадасында 1/16 финалда атақты жапон қызы Ута Абены иппон әдісімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Ол финалға дейін сүрінбей жетіп, жарыстың алтын медалін мойнына тақты.
Фото: instagram.com/diyora_keldiyorova.