• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Жекпе-жек

Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Әлем және Азия чемпионатын қорытындылады

Қос жарыста да ол чемпион атанған

10 апреля, 2025
in Жекпе-жек, Ұлттық спорт
0 0
0
Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Әлем және Азия чемпионатын қорытындылады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Иорданияда өткен Азия чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпанов алдағы жоспары туралы айтты. Танымал балуанның сөзінше, ол үшін құрлық біріншілігінде қарсыластардан көрі, өзін психологиялық тұрғыда жеңу қиын болған, деп жазады 1bol.kz.

«Қарсалыс демекші, ең басты қарсылас ол – өзің. Ең алдымен өзіңді жеңе білуің қажет. Енді қиын қарсылас деп бірінші айналымдағы балуанды және финалдық бәсекедегі қырғыз спортшысын айтар едім. Екі спортшы да жоғары деңгейде дайындалған. Әсіресе қырғыз спортшысы біраз қиындық тудырды. Алайда, соған қарамастан, бапкерімнің қойып берген жоспарына сай жұмыс істеп, жарыстың финалында жеңіске жеттім», — деді балуан.

Былтыр қазан айында Нұрқожа әлем чемпионы атанған болатын. Жаһан біріншілігіне ол жарақатпен барыпты. Соған қарамастан барлық қарсыласын жеңе білген.

«Тиранадағы әлем чемпионатынан кейін көбіне оңалту процесстеріне назар аудардық. Себебі сол додада кішігірім жарақаттар алып қалған болатынмын. Дегенмен, уақыт өте келе денсаулығымды қалпына келтіріп, Азия чемпионатына бір ай қалғанда жоспар бойынша бапкеріммен жүйелі дайындыққа кірісіп кеттік. Өйткені сол кезде жарақаттарымнан толық айықтым. Жаттығулар жоғары деңгейде өтті», — деді Қайпанов.

Ұлттық құраманың танымал өкілі бүгінде Азия құрлығы бәсекелестері өте көп екенін атап өтті.

«Азия күресінің деңгейі едәуір өсіп, бәсекелестік күшейіп кетті. Соған қарамастан, ұлттық құрама ешқандай осалдық танытқан жоқ. Барлығы бар күш-жігерін салып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Әсіресе Болат Сақаев пен Азамат Дәулетбековтің күресін ерекше атап өтуге болады. Олар бұл чемпионатта өз салмақтарын ауыстырған еді. Сол себепті финалдық белдесулерде физикалық тұрғыдан аздаған кемшілік байқалды. Себебі жаңа салмақ дәрежесінде бейімделу үшін уақыт қажет», — деді әлем чемпионы.

Нұрқожа Қайпанов еліміздің еркін күрес тарихында әлем чемпионы атанған екінші балуан. Ол 70 келіде әлем үздігі болса, жақында ғана 74 келіде Амманда құрлық чемпионы атанды. Қайпанов өз мансабында үш дүркін Азия чемпионы болған спортшы.

Фото: olympic.kz.

Tags: еркін және грек-рим күресіеркін күресНұрқожа Қайпанов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Әлем және Азия чемпионатын қорытындылады

Жалғас Жұмағұлов титулды жекпе-жек өткізеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In