«Бокстағы «қазақ стилі» жоғалып кетті деп ойлаймын. Біз бұрын жұдырықтасқан кезде бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатынбыз. Қазіргі ұрпақ мүлде басқаша. Біз оларға бір жерде қатып тұрып, әрі-бері қозғалуды үйретіп жатырмыз. Олар алдыңғы қолмен ойнауды да ұмытқан. Кідіріс көп. Қақиып тұрады да, қорғануға ғана көңіл бөледі. Бұрын бізде ондай болмайтын, қарсыласымызды психологиялық тепе-теңдіктен шығаруға тырысатынбыз. Себебі қарсылас бір-екі соққысы дәл тимегенін сезсе, ол өз-өзіне деген сенімділігін жоғалта бастайды», — деді былғары қолғап шебері «Дядя Ваня» телеграм-каналына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасында 69 келіде өнер көрсетіп, чемпион атанған. Сондай-ақ, әлем чемпионатында, Азия чемпионатында топ жарған.
Фото: әлеуметтік желіден.