Түркияның әйгілі «Бешікташ» клубында алдағы жазда ауқымды кадрлық өзгерістер болады, деп жазады penalty.kz.
Түркияның беделді басылым Fotomac-тың жазуынша, «Бешікташтың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер өз үмітін ақтамаған ойыншылардан тұратын арнайы тізім жасаған. Бұл «қара тізімге» енген 10 футболшының бәрі клуб басшылығымен жеке-жеке әңгімелесіп, командадан кету мүмкіндігін талқылайды.
Сульшердің тізіміне енген футболшылардың ішінде Бахтиёр Зайнутдиновтың да есімі бар. Сонымен қатар келесі ойыншылар командамен қош айтысады:
- Эрсин Дестаноглу (қақпашы)
- Онур Булут пен Йонас Свенссон (қорғаушылар)
- Алекс Окслейд-Чемберлен, Амир Хаджиахметович, Салих Учан (жартылай қорғаушылар)
- Семих Киличсой, Мустафа Хекимоглу, және Чиро Иммобиле (шабуылшылар)
Ағымдағы маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» құрамында барлығы 12 матчқа қатысып, бір ғана нәтижелі паспен көзге түскен. Бұл көрсеткіш клубтың амбициясына сәйкес келмеген сыңайлы.
Фото: idman.biz.