Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші турында «Атырау» алматының «Қайратын» қабылдады, деп жазады penalty.kz.
52-минутта Дастан Сәтпаевтың алыстан бағыттаған добы рикошетпен қақпаға кіріп кетті. Ал төрт минуттан кейін ол қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті еселеді.
Атыраулықтар үмітін үзіп үлгермей, Цветелин Чунчуков нәтижені 1:2-ге жеткізді. Бірақ бұл олардың жалғыз жетістігі болды.
Матчтың соңғы бөлігінде Сәтпаев Юго Станоевке нәтижелі пас шығарып, үшінші голға өз үлесін қосты. 79-минутта Жоржиньо «Қайраттың» төртінші голын соғып, ойынның нүктесін қойды.
«Атырау» — «Қайрат» 1:4 (0:0)
Голдар: Сәтпаев 51 (0:1), Сәтпаев 54 (0:2), Чунчуков 57 (1:2), Станоев 71 (1:3), Жоржиньо 79 (1:4)
Алаңнан қуылды: Чадунели 90.
Фото: Vesti.kz.