Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші күні Қазақстанда тек 1 жеңіс пен 4 жеңіліс тіркелді.
Даниял Сапарбай (+90 кг) Үндістаннан келген Нарендерді 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты!
Нұрзат Оңғаров (50 кг) ширек финалда 2024 жылғы Азия чемпионы өзбекстандық Асылбек Жалиловтан 0:5 есебімен жеңілді.
Талғат Сырымбетов (60 кг) ширек финалда бразилиялық Луис Оливейрадан 0:5 есебімен ұтылды.
Алмат Әбдуәли (65 кг) 1/8 финалда бразилиялық боксшы Юри Рейес Фалькаодан 0:5 есебімен жеңілді.
Анита Адишева (54 кг) Польша өкілі Виктория Рогалинскиден 0:5 есебімен ұтылды.
Шаршы алаңға әлі шықпаған боксшыларымыз: Дархан Дуйсебай (70 кг, 1/4 финал), Диас Молжігітов (80 кг, 1/4 финал) және Дәулет Төлемісов (85 кг, 1/2 финал).
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.