«Ломаченконың болашағы қалай болады дейсіз бе? Шынымды айтсам, білмеймін. Қазір оның беліне қатысты күрделі мәселелері бар. Егер денсаулығы қалпына келсе, ол рингке қайта оралады. Ал егер жағдайы нашарлай берсе – Ломаченконы енді рингте көрмейтін шығармыз», – деді Арум.
Айта кетейік, жақында Top Rank ұйымына украиналық боксшыға қатысты ресми жекпе-жек ұсынысы түскен. Ломаченкоға қарсы WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Джервонта Дэвис жұдырықтасқысы келеді.
Фото: ria.ru.