Еуро-2025 футзал чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы соңғы кездесуін өткізді. 3-тур аясында қазақстандықтар Беларусь құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп жазады penalty.kz.
Осылайша Қазақстан U-19 құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңіске жетіп, 3 ұпаймен топта үшінші орын алды. Ал бірде-бір ұпай жинай алмаған Беларусь төртінші орынға тұрақтады.
Топтағы бірінші орынды Португалия мен Франция өзара анықтайды.
Фото: instagram/@kff_team_futsal.