Франция құрамасының шабуылшысы жуырда корольдік клуб сапындағы 33-ші голын соқты, деп жазады penalty.kz.
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жуырда «Реал Мадрид» сапындағы 33-ші голын соқты. Бұл — оның «корольдік клубтағы» алғашқы маусымында жеткен нәтижесі. Осылайша ол Криштиану Роналду, Руд ван Нистелрой сынды клуб аңыздарымен бір деңгейге көтерілді.
«Леганеске» қарсы дубль
Мбаппе «Леганеске» қарсы өткен матчта (есеп: 3:2) дубль жасап, өзінің нәтижесін жақсартты. Бұл ойын оның клубтағы шешуші рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Реалдағы» алғашқы маусымында ең көп гол соққан ойыншылар
- И. Саморано – 37 гол (45 матч)
- Криштиану Роналду – 33 (35)
- Руд ван Нистелрой – 33 (47)
- Килиан Мбаппе – 33 (45)
- Роналдо – 30 (44).
Франция құрамасының ойыншысы қазіргі қарқынын тоқтатпаса, Иван Самораноның рекордын да жаңартуы әбден мүмкін. Ол үшін бар болғаны 4 гол соғуы керек. Маусымның аяқталуына бірнеше матч қалғанын ескерсек, бұл толық мүмкін.
Фото: liveresult.ru.