«Егер UFC-мен келісімшартты қайта жасай алмасам, карьерамды аяқтайтын шығармын. Өзімнің соңғы жекпе-жегімді Ақтөбеде өткізгім келеді. Бірақ еш өкінішім жоқ. Маған берілген мүмкіндікке ризамын», — деді Жұмағұлов.
Соңғы рет Жалғас Жұмағұлов ММА-де былтырғы қарашада жекпе-жек өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен уэльстік Аарон Эбиді (16-10-1) жеңді. Ал UFC-де 2020 жылғы шілде мен 2023 жылғы маусым аралығында өнер көрсетті.
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas.