• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Жұмысшылар мен студенттерді жеңгенге мәзбіз

Лихтенштейн құрамасын айтамын

26 марта, 2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?
0 0
0
Жұмысшылар мен студенттерді жеңгенге мәзбіз
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов футболдан Ұлттық құраманың ойынына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады , деп хабарлайды sportm.kz.

Ұлттық құрама 25 нен 26 қараған түні ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 2-турында Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген еді. Алайда жанкүйерлердің  бұл жеңіске көңілі толмайды. Аслан Қаженовтің айтуынша жігіттерді тоқшылық құртады.

Жұмысшылар мен студенттерді жеңгенге мәзбіз. Лихтенштейн құрамасын айтамын. Әлемдік рейтингте 204-ші тұрған командада 4-ақ кәсіпқой футболшы бар. Қалғандарын сол күні Қазақстанмен ойнаймыз деп шақырып алды. Енді соларды ұтқанымызы жаңалық қылып, бөркімізді аспанға атсақ, біткен жеріміз ғой. Ойынның барысы туралы небір сарапта жасалып жатыр. Көбімен келісемін. Ал, мен айналасында болып жатқан дүниелерді айтқым келеді және нәтижеге келгенде осы дүниелер шешуші рөлді атқарады. Біріншісі – тоқшылық,- деді ол.

Футболшылардың басқа спортшылардан қарағанда жағдайлары әлдеқайда жақсы.

Басқа спорт түрлерімен салыстырғанда біздің футболшылардың жағдайы өте керемет. Матчтарға чартерлік рейспен ұшады. Бір ойыншы үш орындыққа жайғасады. (Әрқайсысы аяғын созып отыруы керек) Ең қымбат қонақ үйге орналасады. Ең қымбат мейрамханада тамақтанады. Бәрі ең, ең, ең ғой. Тіпті, ұлттық құраманың өз грузчиктері бар. Яғни, олар жүгін де көтермейді. Арнайы жалдаған адамдар қонақ үйіне жеткізіп береді. Жаттығу алаңына апарып бері. Киім ауыстыратын бөлмесін дайындап береді. Барлығы-барлығы қарастырылған. Тек қана ойнау қалып тұр ғой. Бірақ, оны да қатырмайды,-деді Аслан Қаженов.

Әлемді мойындатып жүрген спорт түрлеріне мұндай жағдай жасалмаған. Эконом класпен ұшып, өз жүктерін өздері көтереді.

Бұның барлығын тізбелеп отырған себебім, басқа спорттарда ондай еркелік жоқ. Мәселен, футболға жақыны хоккей делік. Бірақ, хоккейшілер көпшілікпен бірге эконом класста ұшады. Жүгін өздері көтереді. Жарасын өздері қасиды. Десе де, олар футболшыларға қарағанда әлдеқайда жоғары нәтиже тіркейді. Әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайды. Азия деңгейінде қарсылас шақ келтірмейді. Ал, енді бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ өкілдерін мүлде айтпай-ақ қояйын. Олар бүкіл әлемді мойындатып, ел абыройын асқақтатып жүргенімен, жағдайлары салыстыруға да келмейді,-деді спорт журналисі.

Аслан Қаженовтің айтуынша, ұлттық құрамада ұлттық мүдде жоқ.

Екінші фактор – ұлттық мүдде. Кеше әнұран орындап тұрғаннан-ақ байқауға болады. Ешқайсысының көзінен тебіреніс көрмедім. Тіпті, ауызын жыбырлатудың өзі мұң. Жігіттер, естеріңде болсын. Басқа спорт түрлерінде әнұран орындалғанда спортшыларымыз еңіреп тұрып жылайды. Ол — еліңе деген махаббат. Отаныңа деген сүйіспеншілік. Еуропа төрінде сенің әнұраның орындалды, сенің туың көтерілді. Жүрегіңмен соны сезе білуің керек. Ал, сендер еріндеріңді қозғауға ерініп, шікірейіп тұрсыңдар. Тағы бір кедергі — команда бір тілде сөйлемейді, бір тілде ойламайды. Қазақ тілділер бөлек жүретінін, орыс тілділер бөлек жүрітінін байқап отырмын. Бұрын да солай болған. Сәйкесінше, ортақ мүдде, оның арғы жағында командалық ойын болмайды, — дейді.

Командалық спортта ауызбіршілік негізі факторлардың бірі. Құрамада бір-бірін қолдау мен қорғау қатар жүрсе жеңіске жетуге болады.

 Ұлттық құрама төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп. Әркім өзімен-өзі іріп жүр. Кеше Асхат Тағыбергеннің басына күн туғанда қорғай алмадыңдар. Тіпті, оны запасқа тығып тындыңдар. Хотя тәжірибелі ойыншы ретінде құрмет ерекше болу керек еді. Жаңадан келген Дастан Сәтпаевты да бауырым деп жандарыңа тарып, білген-түйгенмен бөлісіп жатқан жоқсыңдар. Тіпті, алаңда пасты да қимайсыңдар. Әйтеуір, түбі оның да деңгейі төмендеп, құрып кетпесе болғаны. Айта берсе көп. Бірақ, менің ойымша, ең алдымен осы нәселерді ескеру керек. Тоқмейілсіп қалуды тоқтатып, ұлттық мүддені жоғары қойып, ауызбіршілік болғанда ғана, нәтиже де болады. Әйтпесе, барлығы далбаса…, дейді спорт журналисі.

Tags: Аслан КаженовӘлем чемпионатына іріктеуҚазақстан футбол федерациясыФутболфутболдан Қазақстан құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Еліміздің гимнастары Грекияда 9 алтын медаль жеңіп алды

Еліміздің гимнастары Грекияда 9 алтын медаль жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In