Испанияның әйгілі Толедо қаласында UFC чемпионы Илия Топурияның құрметіне көше атауы берілді, деп жазады penalty.kz.
Салтанатты шара кезінде чемпион ерекше эмоцияларын бөлісті:
“Мұндай тарихи қалада менің атымдағы көше пайда болғаны үлкен мәртебе. Бұл күн менің ғана емес, бүкіл отбасым үшін де өте маңызды. Осындай сәттер күнде бола бермейді. Осы жолда көп тер төктім, және бүгінгі нәтижеге мақтанышпен қараймын”, — деді Топурия.
2024 жылы Илия Топурия Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвилидің қолынан Құрмет орденін алды. Бұдан бөлек ол Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесіп, Рустави қаласындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысты.
Фото: mmafighting.com.