Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс командасымен кездесу үшін Кардифф қаласына жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
— Біз аттандық: Анталия — Кардифф. Алда төрт сағаттық жол, — делінген онда.
- Уэльс — Қазақстан ойыны 22 наурыздан 23-іне қараған түні Кардифф қаласындағы «Кардифф Сити» стадионында өтеді.
- Матч Қазақстан уақытымен сағат 00.45-те басталады.
Айта кетейік, бұл қазақстандық маман Әли Әлиевтің басшылығымен өтетін алғашқы кездесу болмақ.
Фото: ҚФФ.