Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп жазады penalty.kz.
60 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Графеева ресейлік Нуне Асатрянмен қолғап түйістірді. Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 0:5 есебімен қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Графеева – Қазақстан боксының болашағы
Бұған дейін Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Виктория Графееваны Қазақстан құрамасындағы ең перспективалы боксшы деп атаған болатын. Ол қазірдің өзінде Азия чемпионы мәртебесіне ие.
Нуне Асатрян – әлем чемпионы атанды
Графееваның қарсыласы Нуне Асатрян бұл жеңісі арқылы әлем чемпионы атағын иеленді. Айта кетейік, Асатрян 2024 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болған.
Фото: Instagram/@qaz_team_official.