Финалда Назым Ресейлік Юлия Чумгалакованы ойсырата жеңді, деп жазады penalty.kz.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.
Фото: Instagram/@qaz_team_official.
Финалдағы жеңіс
Финалда Назым Ресейлік Юлия Чумгалакованы айқын басымдықпен жеңіп, 5:0 есебімен чемпион атанды.
Осылайша, қазақ боксшы қыздары арасынан шыққан үш дүркін әлем чемпионы болып тарихқа енді.
Назым Қызайбайдың жетістіктері
- Әлем чемпионы: 2014, 2016, 2024
- Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2012
- Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері
Фото: NUR.KZ.