Бұл туралы журналист Владимир Жарков өзінің Telegram-каналында жазды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы наурыз айына жоспарланған екі матчта да құрамаға көмектесе алмайды.
Зайнутдинов соңғы екі ай бойы жарақатын емдеп жатыр. Сондықтан өзі ойнайтын «Бешикташ» сапында да алаңға шығып жүрген жоқ. БАҚ өкілдері оның жарақаты жазылғанын, алайда толық қалыпқа келіп үлгермегенін жазуда.
Айта кетейік, Әли Әлиев шәкірттері әлем біріншілігіне іріктеу аясында сырт алаңда Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейн (25 наурыз) құрамаларымен кездесу өткізеді.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы.