Түркия чемпионатының 27-турында Ыстамбұлдың «Бешікташы» сенсациялық жеңіліске ұшырады. Өз алаңында ойнаған команда «Газиантепке» 1:2 есебімен жол берді, деп жазады penalty.kz.
Кездесудің алғашқы жартысы алаң иелерінің бақылауында болды. 31-минутта Чиро Иммобиле пенальтиден дәл соққы жасап, «Бешікташты» алға шығарды.
Алайда, екінші таймда «Газиантеп» қарқынын арттырды. 60-минутта Арда Кызылдаг есепті теңестірді.
Қысым артқанымен, «Бешікташ» жеңілістен құтыла алмады.
77-минутта қонақтар сапындағы қорғаушы Бруно Виана алаңнан қуылған соң, «Бешікташ» басымдыққа ие болды. Дегенмен «Газиантеп» аз ойыншымен де соңына дейін күресіп, күтпеген жеңіске жетті. 87-минутта Фуркан Соялп жеңіс голын соғып кетті.
Бұл жеңілістен кейін «Бешікташ» 44 ұпаймен Түркия чемпионатының 4-орнында қалды. Ал, «Газиантеп» жеңісінің арқасында 35 ұпай жинап, 8-орынға көтерілді.
Фото: sondakika.com.