Отандасымыз турнирді екінші айналымнан бастаған болатын. Ол чех теннисшісі Катерина Синяковамен (#59) кортқа шығып, 2:6, 2:6 есебімен ойсырай жеңілді. Десе де, матч алдында букмекерлер Путинцеваны айқын фаворит деп көрсеткен еді.
Енді үшінші айналымда Синякова отандасы Каролина Муховамен (#15) кездеседі. Ал, жарысты ерте аяқтаған Путинцева болса үйіне қайтады.
Еске салайық, бұл күні еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина да алғашқы кездесуін өткізіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.
Фото: Getty Images.