Сауль Альварес қарымта жекпе-жекке қатысты қызығушылық танытты, деп жазады penalty.kz.
Бірақ нақты жауап бермеді.
Альварес Биволмен қайта рингке шығуға қарсы емес екенін білдіргенімен, нақты шешім жайлы ашық мәлімдеме жасаудан бас тартты.
«Барлығы болуы мүмкін. Маған қиындықтарды еңсеру ұнайды. Көреміз,» – деді Альварес Вильям Скуллмен болатын жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Бивол мен «Канело» алғаш рет кездесіп, нәтижесінде ресейлік боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Фото: RunaSport.