Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Маркос Рожерио де Лима UFC-дің антидопингтік ережелерін бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді, деп жазады penalty.kz.
Спортшы медициналық құжаттарын ұсынғанымен, қабылдаған дәрі-дәрмегінде анастрозол барын тексермеген және бұл туралы UFC-ге ескертпеген.
Бұл – Лима үшін екінші допинг дауы
2017 жылы да оның допинг сынамасынан дәл осы анастрозол табылған болатын.
Антидопинг ережелеріне сәйкес, екінші рет ереже бұзған спортшының дисквалификация мерзімі екі еселенеді.
Осылайша, Маркос Рожерио де Лима 2026 жылдың 24 қаңтарына дейін жарыстардан шеттетілді.
Лиманың карьерасындағы көрсеткіштер
- 22 жеңіс
- 9 жеңіліс
- 1 тең нәтиже
Фото: mma.express.