Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингілік турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері 3 жүлде жеңіп алды.
Әлемдік додада 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз финалдық белдесуде америкалық спортшы Чендлер Марстеллерге жол берді.
Ал, Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлдені еншіледі.
Фото: ҰОК.