Қазақстандық футболшылар арасында Сәтпаев ең қымбат ойыншылар тізімінде 16-орынға жайғасты. Бұл тізімде сондай-ақ Абат Айымбетов, Ян Вороговский, Стасо Покатилов, Рамазан Оразов, Игорь Шацкий және басқа да танымал футболшылар бар.
Әлемдік рейтингке сәйкес, Дастан Сатпаев өз жасындағы ойыншылар арасында 13-орында тұр. Бұл тізімде ол «Барселона», «Арсенал», «Атлетик Бильбао» сияқты топ-клубтардың жас таланттарымен қатар аталады. Дегенмен, Transfermarkt белгілеген 500 мың еуролық сома «Челси» клубының қазақстандық ойыншы үшін төлеген бағасынан әлдеқайда төмен.
Бұған дейін беделді футбол инсайдері Фабрицио Романо әлеуметтік желіде лондондық клубтың Дастан Сәтпаев үшін 4 миллион еуро (2 миллиард теңге) төлегенін мәлімдеген болатын.
Фото: ҚФФ.