El Nacional басылымының хабарлауынша, «Манчестер Сити» тізгінін ұстауға дәл қазір Хаби Алонсо лайықты. Клуб қожайындары осындай шешімге келген сыңайлы. Дегенмен, Алонсоның «Байермен» келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады.
Испан маманына тек «Мансити» ғана емес, мадридтік «Реал» да көз салып отыр. Өйткені, Карло Анчелотти осы маусымнан кейін зейнетке кетуді ойластырып жүр.
Айта кетейік, егер «Манчестер Сити» рсы маусымда ешқандай трофей ұта алмаса онда Хочеп Гвардиоламен қош айтысады.
Фото: Getty Images.