• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Бакуге барған қазақстандық 12 дзюдошының біреуі ғана қола жүлде алды

Қалғандарының бәрі жеңіліп қалған

17/02/2025
in Ей, бұларың не?, Жекпе-жек
0 0
0
Бакуге барған қазақстандық 12 дзюдошының біреуі ғана қола жүлде алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Гран Слэм жарысы аяқталды. Баку төріне әлемнің 36 елінен 258 (166 ер, 92 әйел) татами шеберлері жиналды, деп жазады 1bol.kz.

Қазақстаннан 12 дзюдошы қатысты. Ел қоржынында 1 қола медаль бар. Жарыстың соңғы күнінде ауыр салмақта күрескен Ерасыл Қажыбаев қола медальға ие болды. Бұл қазақ дзюдошыларының Бакудегі алғашқы және соңғы жүлдесі болды. Сондай-ақ, бұл – 2025 жылы әлемдік жарыста қазақстандық дзюдошылар алған алғашқы медаль. Қазақстан құрамасы Бакуде 1 қоламен жалпыкомандалық есепте 16-орында тұрақтады.

Турнирде 22 елдің дзюдошылары жеңіс тұғырынан көрінді. 5 елдің ғана балуандары турнир чемпион атанды.

Жалпы командалық есебінде Жапония көш бастады. Жапон дзюдошылары 14 салмақтың онында жеңімпаз атанды. Одан бөлек, жапондар 4 күміс, 3 қола медаль олжалады.

Екінші орында Германия құрамасы тұр. Неміс дзюдошылары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды.

Ал, Әзербайжан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Жарыс қожайындары 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізді. Канада дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс алып төрттікке тұрақтаса, Венгрия 1 алтынмен жарысты 5-орынмен аяқтады.

Баку татамиінде қазақ дзюдошыларының жүріп өткен жолы: 60 келіде татамиге шыққан екі балуан алғашқы белдесуден аспады. Әбілқайыр Ұлықбек алғашқы белдесуінде IJF туының астында күрескен Суге-Мадир Кан-Демирден вазари ұпайымен жеңілді. Ал Данияр Кулушев германиялық Гайдар Максимилианнан шидо саны бойынша есе жіберді.

66 келідегі Қанат Сейілхан алғашқы белдесуінде өзбек дзюдошысы Азизбек Ортиковтен юко әдісімен жеңілді. Ислам Тоқтасын (73 келі) турнирді 7-орынмен аяқтады. Ислам Аустралия, Германия балуандарын жеңіп, ширек финалға жеткен. Ширек финалда әзербайжандық Вусал Галандарзадеден өте алмады. Одан кейін жұбаныш белдесуге күресіп, Грузия балуан Гиорги Чихелидзеге есе жіберді.

81 келіде күрескен Мейіржан Жұмабек алғашқы белдесуінде жарыс қожайынынан жеңілсе, 90 келідегі тәжірибелі дзюдошы Дидар Хамза алғашқы айналымда жеңгенімен,  екінші белдесуде жапон мықтысы Санчиро Мураоға қауқар көрсете алмады. 90 келіде татамиге шыққан тағы бір қазақстандық Қуаныш Ратаев жарысты бірінші айналымда тоқтатты.

Бакуге барған ең тәжірибелі балуан Ислам Бозбаев жарысты 7-орынмен қорытындылады. Ислам 3 белдесу өткізіп, екеуінде жеңілді.

-100 келідегі тағы бір қазақ балуаны Естай Ермахан алғашқы айналымда өзбекстандық Рустам Шорахметовтан жеңілді.

Фото: olympic.kz.

Tags: Әбілқайыр ҰлықбекДанияр КулушевдзюдоЕстай ЕрмаханИслам БозбаевҚанат СейілханҚуаныш РатаевМейіржан Жұмабек
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Нұрлыбек Нәлібаевтың «Қайсарға» қанша ақша бөлгені белгілі болды

Нұрлыбек Нәлібаевтың «Қайсарға» қанша ақша бөлгені белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In