Екі күн бұрын бүкіл баспасөз шулап, ойбай-ау, Арыстанбек аштық жариялапты, өлгенше тоқтамаймын депті, өле қалса кім кінәлі болатынын көрсетіпті деп жазды.
Алда, пақыр-ай, кетуге бел байлаған екен ғой деп сендік.
Артынша түрме бастықтар үндеу жасап, Арекең тамақты асап жатыр, видео дәлеліміз бар, қолында телефон жоқ, аштық дегенді қайдан шығардыңдар деді.
Алда, пақыр-ай, тамақ жеп жатыр екен ғой деп оған да сендік.
Әйтсе де ішімізде “өлем” деген сөз Арыстанбектің фб парақшасына өзінен өзі шықпаған шығар, біреу Арыстанбек үшін жанпида қылғалы отырған болар деген уайым қалды.
Соны неге анықтамайды әлгі БАҚ-тар? Анықтап, денсаулығын сұрау керек қой. Мәселе қайда жатыр.
Асылхан Мамашұлының жазбасы.
Фото: видеодан алынды.