Қазақстандық спортшылар Харбиндегі ойындарда тағы бір жүлдеге қол созды, дейді penalty.kz.
Қола жүлдені шаңғышылар эстафетада (4×7,5 км) жеңіп алды. Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалевтан құралған команда мәре сызығын үшінші боп қиды. «Алтын» мен «күмісті» Қытай және Жапония өзара бөлісті.
Осылайша Қазақстан қоржынына он бесінші медаль түсті.
Ойындар 14 ақпанда аяқталады.
Фото: NUR.KZ.