Сауд Арабиясының алпауыт клубы «Әл-Наср» ресейлік командалармен достық кездесулер өткізуі мүмкін, дейді penalty.kz.
Бірақ бұл идеяны жүзеге асыруға жарыс кестесіндегі сәйкессіздік кедергі келтіріп отыр.
Клуб өкілінің түсіндірмесі
«Әл-Насрдың» коммерциялық директоры Жорди Дюрантенің бұл мәселеге қатысты пікір мынадай:
«Біз ресейлік клубтармен жолдастық матч өткізу мүмкіндігін талқыладық, бірақ әртүрлі жарыс кестелері бұл жоспарға қиындық туғызады. Ресейлік командалар қаңтардың басында оқу-жаттығу жиындарын бастайды, ал дәл сол уақытта бізде маусым жалғасып жатады. Егер қолайлы күн табылса, неге өткізбеске?» – деді ол «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін «Әл-Наср» қорғаушысы Али Ладжами AFC Чемпиондар лигасының матчына Мәскеудің «Динамо» клубының спорттық костюмін киіп көзге түскен еді.
Реакция көп күттірмеді:
«Динамо» басшылығы Ладжамиге және оның жұлдызды серіктесі Криштиану Роналдуға клубтың фирмалық жейдесін жіберуді шешті.
Бұл оқиға екі тарап арасындағы қарым-қатынасты нығайтуы мүмкін.
Егер екі жақтың жарыс кестесі сәйкес келсе, Криштиану Роналду ресейлік клубқа қарсы алаңға шығуы әбден мүмкін.
Фото: gazeta.ru.