• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Өзбек жастары Абдукодир Хусанов сияқты болуды армандай бастады – жаттықтырушы

Бұл - өзбек футболы үшін тарихи оқиға

20 января, 2025
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Өзбек жастары Абдукодир Хусанов сияқты болуды армандай бастады – жаттықтырушы
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Бұрын өзбекстандық жастар Криштиану Роналдуға еліктесе, қазір Абдукодир Хусановтың дәрежесіне жетуді армандай бастады. Kazinform агенттігінің меншікті тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген 20 жастағы аяқдопшының бұрынғы жаттықтырушысы Алишер Ибрагимов осылай мәлім етті.

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абдукодир Хусанов ресми түрде атақты «Манчестер Сити» командасының жейдесін киді. Оны премьер-лиганың 6 дүркін чемпиондары 40 млн еуроға француздың «Ланс» командасынан сатып алды. Бұл — өзбек футболы үшін тарихи оқиға.

Фото: Алишер Ибрагимовтың жеке мұрағатынан.

Осы орайда, Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі Абдукодир Хусановты 4 жылға жуық баптаған жаттықтырушысы Алишер Ибрагимовпен сұхбат құрып, шәкіртінің жетістігі мен жалпы көрші ел футболының аяқ алысын сұрап көрді.

Фото: Алишер Ибрагимовтың жеке мұрағатынан.

Алишер Ибрагимов — талай футболшының бабын келістіріп, бағын ашқан тәжірибелі жаттықтырушы. Абдукодир Хусанов — солардың бірі. А.Ибрагимовтің сөзінше, ағылшын командасы ойыншы таңдауда қателескен жоқ.

— 12 жасқа толғанша А.Хусановты марқұм Акмал Русхуллаев жаттықтырды. Әрі қарай ол өзінен екі жас үлкен балалармен доп теуіп жүрді. Мен «Бунёдкор» командасында 2003 жылғы жасөспірімдермен жұмыс істеп жүргенмін. Сол кезеңде маған А.Русхуллаев А.Хусановты өзіме алуымды өтінді, өйткені оған үлкен топпен ойнау қиын еді. Тиісінше, мен оны 4 жылға жуық жаттықтырдым, — деді А.Ибрагимов.

Фото: Алишер Ибрагимовтың жеке мұрағатынан.

Бүгінде «Манчестер Ситидің» ойыншысы атанған Абдукодир Хусановты 12-16 жас аралғында осы Алишер Ибрагимов жаттықтырған. Бапкердің айтуынша, әр футболшының болашақ бағыты мен негізін осы кезеңде қалыптастырып үлгеру маңызды.

— Болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы екенін әуелден байқадық. Ол үнемі негізгі құрамда өнер көрсетті. Қазан қаласында өткен чемпионатта бірінші орын алдық. Шыдамды, еңбекқор, ойлау қабілеті жоғары ойыншы. Футболшының негізі 12-16 жас аралығында қалыптасады. Сол кезеңде Абдукодир Хусанов менің жетекішілігіммен жаттықты. Егер осы жас аралығында аяқдопшының дайындығы мен бағыты қате таңдалса, онда оның болашақта үздік ойыншы болуы екіталай, — деді бапкер.

Абдукодир Хусановты жеке танитын тағы бір жаттықтырушы, футбол агенті Даврон Эргашев бүгінгі «Манчестер Сити» ойыншысы бала кезінен өзінің кәсіби шеберлігін ұштауға ерекше мән бергенін атап өтті.

Фото: Алишер Ибрагимовтың жеке мұрағатынан.

— А.Хусановтың мінезі тұйық болатын. Ол дайындықтан ешқашан қашпайды, үнемі уақытылы келеді. Жаттықтырушы қойған тапсырманы барынша тиянақты әрі сапалы орындауға тырысатын. Тік сөйлеп, эмоцияға ерік бергенін көрген емеспін. Қандай да бір тактиканы немесе әдісті толық игергенге дейін тоқтаусыз еңбек ететін, — деп пікір білдірді Даврон Эргашев.

Абдукодир Хусановтың футболды таңдауына және оның кәсіби ойыншы болып қалыптасуы жолында әкесінің орны ерекше. Хикмат Хашимовтың өзі кезінде Өзбекстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен.

Фото: Алишер Ибрагимовтың жеке мұрағатынан.

— Абдукодир Хусанов спортшылар отбасында дүниеге келді. Оның болашағына осы әсер етсе керек. Хикмат Хашимов кәсіби футболшы және жаттықтырушы ретінде ұлына дұрыс нұсқау беріп, «Энергетик-БГУ» командасына ауыстырды. Бұл — Абдукодир Хусановтың болашағына жол ашқан маңызды шешім деп санаймын. Енді соның нәтижесіне бәріміз куә болып отырмыз, — деп пікір білдірді А.Ибрагимов.

Алишер Ибрагимов жаттықтырушылық қызметінен қол үзген емес. Бүгінде ол Ташкенттегі футбол клубтарының бірінде Абдукодир Хусановтың ізбасарларын баптаумен айналысып келеді.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform.

— Бұрын өзбекстандық жастар Криштиану Роналду сынды боламын десе, қазір барлығы Абдукодир Хусановтың дәрежесіне жетуді армандай бастады. Маған осындай үздік футболшыны жаттықтыру бақыты бұйырды, оған өте қуаныштымын. Бұл тек менің емес, жалпы Өзбекстанның мақтанышы. Абдукодир Хусановқа еліктеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндер болашақта жоғары нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін, — дейді ол.

Сұхбат барысында А.Ибрагимов шәкіртінің жетістігінен бөлек, өзбек футболының дамуына қатысты да пікір білдірді. Өзбекстан бұл спортқа миллиардтаған қаражат бөлмейді. Пайдасыз легионерлерге ақша шашпайды. Жас таланттар кішігірім жекеменшік мектептерден шығады.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform.

— Ұлттық құрамадан жақсы нәтиже күту үшін ең алдымен балалар футболына ерекше мән беру керек. Мына мектепті әдейі қаланың шет жағынан аштық. Себебі таланттардың көбі ауыл аймақтардан шығады деген тәмсіл бар. Бірер жылда бұғаналарын қатырып, үлкен футболға шығарамыз. Бізде қазір буын ауысты. Өзбек футболының болашағы зор, — деп тоқталды.

Көрші елдің ұлттық құрамасы 2026 жылы АҚШ, Мексика, Канада бірігіп өткізетін әлем чемпионатына баруға бір табан жақын тұр. Команда ойыншылары әлемнің үздік клубтарында доп тебеді. Тарихи сәтті көрші ел асыға күтеді.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform.

— Соңғы жылдары шетелдерде өзбек футболшыларына сұраныс артты. Себебі біздің жігіттер көп ақшаға қызықпауды, қиындықтан қорықпауды үйренді. Аз қаражатқа ойнап, өзіңді дәлелдеп, үлкен клубқа жолдама алуға болатынын түсінді. Бұл ретте Абдукодир Хусановты үлгі ретінде қарауға болады, — дейді футбол агенті Даврон Эргашев.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform.

Айта кетейік, жалғыз Хусанов емес, бүгінде Еуропа мен Азияның түрлі клубтарында 40-тан астам өзбекстандық футболшы доп теуіп жүр.

Мәселен, Эльдор Шомуродов Италияның «Рома» командасында өнер көрсетеді. Ал қорғаушы Хусниддин Аликулов пен жартылай қорғаушы Азизбек Тургунбоев Түркия суперлигасындағы командалардың белді ойыншылары саналады.

Ресейде де бірнеше өзбекстандық ойнап жүр, соның ішінде басты жұлдыз — Азияның үздік жас футболшысы атанған Аббосбек Файзуллаев. Ол Мәскеудің «ЦСКА» клубында өнер көрсетеді.

Фото: Әлихан Асқар / Kazinform.

Tags: «Манчестер Сити»Абдукодир ХусановӨзбекстан ұлттық құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қазақстан биатлоншылары әлем кубогында жүлдесіз қалды

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогында жүлдесіз қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In