• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Қазақ телеарналары неге UFC турнирлерін көрсетпейді

17 января, 2025
in Ей, бұларың не?, Жекпе-жек
0 0
0
Қазақ телеарналары неге UFC турнирлерін көрсетпейді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Былтыр 8 желтоқсан күні UFC 310 турнирінде отандасымыз Шавкат Рахмонов бақ сынап, жеңіске жетті. Жарыс күні қазақстандық көрермендер әлеуметтік желіде UFC жекпе-жектері барлығына қолжетімді мемлекеттік арналарда, оның ішінде Qazsport арнасында көрсетілмегеніне наразылығын білдірді. Осы орайда, Kazinform агенттігі Мәдениет және ақпарат министрлігінен мемлекеттік телеарналардағы трансляция мәселесіне байланысты сауал жолдады. 

— UFC ұйымының қамқорлығымен өтетін жекпе-жектердің (ММА) Қазақстан аумағындағы трансляция құқығы «Setanta Sports» компаниясына тиесілі. Айта кету керек, UFC трансляция құқығын бірнеше маусымға тендер арқылы сатады. Сонымен қатар ұйым қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектердің трансляция құқығын бөлек сатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауабына сәйкес, отандық Qazsport телеарнасы қалыптасқан жағдайды шешу жолын іздеп, Рахмоновтың жекпе-жегін мемлекеттік телеарна эфирінде көрсету туралы құқық иесіне ұсыныс жасаған. Алайда «Setanta Sports» бұл жекпе-жекті тек өзінің қазақстандық кабельдік телеарнасында, сонымен қатар қосымшасы арқылы көрсетуге ниет білдірді.

Фото: Петр Воликов жеке мұрағатынан.

Спорт журналисі әрі Youtube желісіндегі танымал спорттық арнаның жүргізушісі Петр Воликов қазіргі уақытта қазақ спортшыларының жекпе-жектерін көру үшін трансляция іздейтін қазақстандықтардың әлі де бар екенін айтты.

— Мемлекеттік телеарналарда UFC турнирлерін көрсету маңызды. Себебі көрермендер Шавкат, Асу, Бекзат, Мақсұм және өзге де жерлестеріміздің жекпе-жектеріне трансляция таппай қиналғандары туралы жиі айтады. 1 жыл бұрын жарыс күні, мысалы Шавкат шығатын кезде трансляцияға сілтеме сұрайтындар өте көп еді. Setanta Sports телеарнасы UFC турнирлеріне көрсете бастағалы, жекпе-жекті қайдан көруге болатынын сұрайтын адамдар азайды. Бірақ мүлдем жоқ емес, ондай адамдар әлі де бар. Егер Qazsport телеарнасы көрсеткенде бұл жеңілірек болар еді, — дейді спорт сарапшысы.

Фото: Петр Воликов жеке мұрағатынан.

Петр Воликов UFC ұйымының жекпе-жектері мен жалпы ММА спортына қазақстандық көрермендердің қызығушылығы не себепті артқанына тоқталды.

— Меніңше, аралас жекпе-жекке деген қызығушылық кеше ғана пайда болған жоқ, ол бұрын да болды. Мысалы, кәсіби спортшылар мен ММА жанкүйерлерінің көбісі аралас жекпе-жекті Pride ұйымының заманынан көре бастағанын айтады. UFC пайда болғаннан кейін назар сонда қарай ауысты. Қазір жанкүйерлер қатары көбейіп келеді. Бұл Шавкат және өзге де спортшыларымыздың UFC-дегі жеңістеріне байланысты болып отыр, — дейді ол.

Еске салайық, бүгінде UFC ұйымында 6 қазақстандық файтер бар. Олар: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Азат Мақсұм, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожа. Бұдан бөлек әлемдік промоушнде Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов және Мария Агапова бұрын өнер көрсетті. Одан бөлек ресейлік қандасымыз Дамир Ысмағұлов та UFC-де Қазақстан туымен шықты.

Фото: UFC инстаграм парақшасынан.

Фото: UFC инстаграм парақшасынан.

Айта кетейік, 6 отандасымыздың ішінде екеуі UFC рейтингіне кіреді. Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін жартылай орта салмақта 2-орынға көтерілді.

Ал былтыр қазан айында UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды жеңген Асу Алмабаев ең жеңіл салмақтағы спортшылар тізімінде 7-орынға көтеріліп, кейін 8-орынға түсті.

Енді 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турнирінде Асу Алмабаев аустралиялық Стив Эрцегпен кездеседі.

Ал Шавкат Рахмонов 2025 жылдың ішінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммадпен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.

Фото: UFC инстаграм парақшасынан.

 

Tags: Qazsport арнасыUFCАсу АлмабаевДамир ЫсмағұловЖалғас ЖұмағұловМария АгаповаШавкат Рахмонов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In