Махмұд Сабырхан ширек финалда шри-ланкалық Жайната Кумарды жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды 1bol.kz.
54 келі салмақта өнер көрсеткен Махмұдтың екінші раундтағы жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
8 желтоқсан күні өтетін жартылай финалдағы Махмұдтың қарсыласы — Таиланд боксшысы.
Айта кетейік, ол бұған дейін тайпейлік Лаи Ян-Линді бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді.
Фото: ҰОК.