Жезқазғанның «Ұлытау» футбол клубы Нұркен Мазбаевпен әріптестігін аяқтағанын хабарлады. 54 жастағы қазақстандық маман команданы 2025 жылдың шілдесінен бері жаттықтырды, деп жазады penalty.kz.
Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ұлытау» Мазбаевтың жетекшілігімен барлық турнирде 44 матч өткізді. Жезқазғандықтар 12 рет жеңіске жетіп, 13 кездесуде тең ойнады және 19 матчта жеңілді.
Осылайша, команда Мазбаевтың тұсында өткізген матчтарының шамамен 27 пайызында жеңіске жетті.
«Ұлытаудың» жаңа бас бапкері кім болады?
Клуб жаңа бас бапкердің есімін әзірге жариялаған жоқ.
Фото: kazfootball.kz.














