Биыл қараша айының соңында Ташкентте басталатын бокстан Әлем кубогінің финалдық кезеңіне баратын Қазақстан боксшыларының тізімі шықты, деп жазады 1bol.kz.
Қазақстан бокс федерациясы ерлер құрамасында 6 боксшыны, қыздар құрамасында 5 боксшыны жарысқа алып барады.
Ерлер құрамасы
- 50 кг — Даниял Сәбит;
- 70 кг — Фарух Тоқтасынов;
- 75 кг — Аман Қонысбеков;
- 80 кг — Өнер Сейілхан;
- 85 кг — Сұлтанбек Айбарұлы;
- 90 кг — Дәулет Төлемісов.
Қыздар құрамасы:
- 57 кг — Карина Ибрагимова;
- 70 кг — Бақыт Сейдіш;
- 75 кг — Шұғыла Нәлібай;
- 80 кг — Валерия Аксенова;
- +80 кг — Дина Исламбекова.
Әлем кубогі 28 қарашада басталып, 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Оған әлемнің 31 елінен 142 боксшы қатысады деп күтілуде.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.














