Чиангмай қаласында (Таиланд) бокстан Азия чемпионатының екінші күні басталды, шаршы алаңда Қазақстанның атынан екі боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов малайзиялық Зульхайлан Мохамадпен қолғап түйістіріп, сенімді түрде жеңіске жетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен өзбекстандық Дильшод Абдумуродовты төрешілердің шешімі бойынша жеңді.
Айта кетейік, 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов та ширек финалға өткен еді. Бекбауов тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК.